Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Бұқар жырау ауданының әкімімен жүздесті
06 мамыр, 2024 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  Бұқар жырау ауданына  барған кезекті қызметтік іс-сапарында  аудан әкімі Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлымен кездесіп,  өңірге қарасты ауыл әкімдерімен онлаин жиын өткізді.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Акошев Рүстем Мұратұлы және әкімдіктің бірқатар қызметкерлері қатысты.

Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

 Жиында аудан әкімі Абылай Қайратқалиұлы елдімекеннің басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, бірнеше жоспарларды талқыға салды.

Атап айтқанда, өңірдегі мешіт құрылыстары, құлшылық үйін құжаттандыру мәселесі, аймақ халқының діни ахуалы мен дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан  қолдау білдіруге шақырды.

Жиында қос тарап ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Кездесу соңында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы әдеттегі игі үрдіс бойынша аудан әкіміне  «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» және "Толық адам"  кітабын хадия етті.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары