Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Осакаровка ауданындағы жаңа мешіт құрылысымен танысты
05 мамыр, 2024 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

  Осакаровка ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Шараға аудан басшысы Нұрмұханбетов Руслан Есенбекұлы және Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы қатысты.  

   Аудан имамы Махмұд Қашқари Жоламанұлы  құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.  Бой көтеріп жатқан жаңа құлшылық үйімен таныс болған облыс бас имамы  Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.  Сондай-ақ, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

  Айта кетсек, құлшылық үйінде бір мезетте 500 адам намаз оқи алады. Мешітте ерлер және әйелдер намаз залынан бөлек, имамдар бөлмесі мен құран оқу бөлмесі, дәрісханалар  қамтылмақ. Барлық заман талаптарына сай тұрғызылып жатқан  ғимараттың жанынан ерлер мен әйелдерге арналған  дәретхана құрылысы және 500 адамдық асхана бой көтеруде. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары