ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен оқу - ағарту бағыты бойынша Қарағанды облысы имамдарының білімін жетілдіруге арналған «Хадис ілімі» атты семинар болып өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің биылғы бағдарлық баяндамасында:
«Биыл жамағатқа хадис ілімінің негіздерін түсіндіру мақсатында облыстық орталық мешіттер жанынан «Хадистану» курсын ашамыз. Бұл ханафи мәзһабының фиқһ үкімдеріне қатысты хадистерді түсінуге жол ашады» деген болаты.
Дәл осы мақсатта ұйымдастырылған семинарға Қарағанды облысына қарасты барлық діни қызметкерлері қатысты.
Семинардың алғы сөзінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы жиынға қатысушы дін қызметкерлеріне шараның мән-мақстаны түсіндірді.
Семинарды Астана қаласынан арнайы келген «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Хожан Қуандық жүргізіп, қатысушыларға баяндама оқыды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертифкаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер