Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шет өңірінің діни ахуалына қатысты жиын өтті
25 сәуір, 2024 жыл 67 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы кезекті бақылау-басқару бағыты бойынша Шет  ауданына  барған қызметтік іс-сапарында аудан әкімінің орынбасары Стыбаев Орал Зәмірбекұлымен жүздесіп, аймаққа қарасты мешіттердің  діни ахуалына қатысты жиын өткізді.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Берік Алпысбайұлы және әкімдіктің бірқатар қызметкерлері қатысты.

Орал Зәмірбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан қашанда қолдау болатынын жеткізіп, өңірдің діни ахуалынан хабар берді. Жиынға Шет ауданына қарасты ауыл әкімдері онлаин қатысты.

Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

 Орал Зәмірбекұлы  елдімекеннің басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, бірнеше жоспарларды талқыға салды.

Атап айтқанда, өңірдегі мешіт құрылыстары, құлшылық үйін құжаттандыру мәселесі, аймақ халқының діни ахуалы мен дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына әкімшілік тарапынан  қолдау білдіруге шақырды.

Жиын соңында қос тарап ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Кездесу соңында облыс бас имамы аудан әкімінің орынбасары Стыбаев Орал Зәмірбекұлына  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары