Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ақтоғай ауданының діни ахуалына қатысты жиын өтті
24 сәуір, 2024 жыл 35 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  Ақтоғай ауданына  барған қызметтік іс-сапарында  аудан әкімі Руслан Айтыкенұлымен кездесіп, аймаққа қарасты мешіттердің  діни ахуалына қатысты жиын өткізді.

Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінен арнайы келген дін қызметкерлері мен аудан имамы Еркін Әуелбекұлы және әкімдіктің бірқатар қызметкерлері қатысты.

Басқосуда облыс бас имамы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе келе,  өңірдегі діни мәселелер төңірегінде бір жағадан бас шығарып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

 Жиынның күн тәртібінде бірнеше жоспарлар талқыға салынды.

Атап айтқанда, өңірдегі мешіт құрылыстары, құлшылық үйлерін  құжаттандыру мәселесі, аймақ халқының діни ахуалы мен дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы қозғалды.
Жиын соңында қос тарап ел келешегі мен өңірдегі діни тұрақтылық жолында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары