Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды мешіттерінің имамдары арасында футболдан жарыс өтті
22 сәуір, 2024 жыл 63 Басып шығару нұсқасы

   «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт имамдары арасында футбол турнирі өтті.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан ойын алдында «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы арнайы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа барлығы 4 команда қатысты. Атап айтқанда, «Орда», «Ихсан», «Қыран, «Арлан» командалары тартысты ойын көрсетті.

Ойын нәтижесі бойынша «Орда» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынға «Ихсан», үшінші орынға «Қыран» командасы ие болды. Жеңімпаз командаларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сертификат табысталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары