Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ШАХТАДАҒЫ АПАТТАН ҚАЗА БОЛҒАН МАРҚҰМДАРДЫҢ РУХТАРЫНА ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ БАҒЫШТАЛДЫ
10 қараша, 2023 жыл 235 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі қасиеттті жұма күні шахтадағы апаттан қаза болған марқұмдардың туыстарына көңіл айту асын беріп, арнайы Құран хатым дұғасын жасады.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті асханасында өткен сауапты шара облысқа қарасты барлық дін қызметкерлерінің ат салысуымен жүзеге асты. 

Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз алды: 
«Қарағанды облысы өкілдігі мен жамағаты атынан қайғыларыңызға ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Алла Тағала марқұмдарды мейіріміне бөлеп, алдарынан жарылқағай! Жаратушы Иеміз бауырларымыздың соңында қалған отбасы мен туыстарына көркем сабыр беріп, ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Шаңырақтарыңызда тек жақсылық болсын! Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Алла Тағала жар болғай! Әмин!»,-деп дұға етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары