Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы мешіттерінің жамағаты арасында футбол турнирі өтті
16 қазан, 2023 жыл 193 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай облыс жамағаттары арасында футболдан жарыс болып өтті.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған доп додасына облысқа қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арасынан 17 команда жасақталып, өзара бақ сынасты.

«Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің мақсаты –облысқа қарасты мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Өйткені тәні мықты мұсылман сауапты істерге ұйытқы болады, жақсылықтың жаршысы бола алады»,-деген облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы шараның мақсатын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, достықты күшейтуге бағытталған сайысқа ойыншылар белсене қатысып, үздік ойын көрсете білді.

 Жарыс қорытындысы бойынша облыстық мешіт атынан бақ сынасқан «Әнет баба» командасы жеңімпаз атанып, 100 000 теңгені қанжығасына байлады.

Кезекті ІІ орынды «Балқаш» командасы иеленіп, 70 000 теңгені еншілесе, «Қарқаралы» командасы  ІІІ орынға ие болып, 50 000 теңгені місе тұтты.   

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша көзге түскен ойыншылар марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары