Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Томар ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті
04 қазан, 2023 жыл 286 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Бас имамы Естай Айтуғанұлы, Астана қалалық «Раиса Ана» мешітінің имамы Қалижан Заңқоев, Томар ауылының әкімі Нұрсылан Рысбекұлы және ауыл тұрғындары мен құрметті азаматтары қатысты. 

 Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз алып: «Аллаға шүкір, Қарағанды облысында мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін»,- дей келе, құлшылық үйінің толықтай құрылыс жұмыстары мен игі істің басы-қасында жүрген «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының ұстазы Дастан Талапұлына ризашылығын білдіріп, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады. 

Сонымен қатар, мешіттің салынуына демеушілік жасаған азаматтар арасында жеребе тасталып, игі іске жәрдем көрсеткен Нұрбайұлы Нұрымға кіші қажылыққа жолдама тарту етілді. 

Мұнымен қоса, мешіттің құрылысына атсалысқан тағы 32 азаматқа арнайы алғыс хаттар табысталып, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жабылды. 

Салтанатты шара соңында берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Айта кетейік, Томар ауылының жергілікті жамағатының демеушілік етуімен бой көтерген жаңа мешітте 130 адам еркін ғибадатын өтей алады.  Мешітте ерлер намазханасынан бөлек  әйелдер намазханасы және дәретханасымен қамтылған.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары