Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде «Ана болудың діндегі орны» атты семинар өтті
28 қыркүйек, 2023 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында әйелдер жамағатына «Ана болудың діндегі орны» атты семинар болып өтті. 

Игі шараның алғы сөзін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі «Ислам және ізгі қоғам» бағытының жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы бастап, семинарға қатысушы әйелдер жамағатын қасиетті мәуліт айымен құттықтады. Сондай- ақ, шараның мән- мақсатын түсіндіріп өтті.

Әйел адамның денсаулығына қатысты өткен аймақтық семинарға білікті эндокринолог, терапевт Жансая Шыңғысханқызы  арнайы қонақ болды. 
Шарада  нәзікжандылар дені сау ана болу жолында қажетті болар құнды деректермен сусындап, көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарына жауап алды. Атап айтқанда, «Дұрыс тамақтану», «Дұрыс ұйықтау» сынды тақырыптар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Шараның жүзеге асуына мұрындық болған «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы жиналған қауымға «Исламдағы әйел адамның мәртебесі» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты. Кезекті әсерлі насихат «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызына берілді. 

Шара соңында әйелдер жамағатына осындай пайдалы һәм сауапты семинарды жүргізген білікті маман Жансая Шыңғысханқызына сый-сияпат тарту етіліп, жамағат атынан алғыс айтылды. Сонымен қатар, шараға қатысушы барлық қонақтарға халал сертификатын иеленген өнімдер тарту етілді. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары