Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТОО «Акнар ПФ» құс фабрикасы сертификатталды
25 қыркүйек, 2023 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

   Құс етін өндіру бойынша Қарағанды қаласында ТОО «Акнар ПФ» құс  фабрикасы  «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Арнайы сертифакатты «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

Кәсіби технолог және шариғат мамандарының қатысуымен аталмыш кәсіпорында  бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. «Акнар ПФ» құс фабрикасында  құстың жем-азығынан бастап, бауыздау, құс етін өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкес болуы тексерілді.

Нәтижесінде «Акнар ПФ», «Прощу к столу» сауда белгісімен шығарылатын 25 түрлі өнім «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарты» бойынша сертификатталды.

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары