Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Тәлімгер тағылымы» кітабының оқырмандары марапатталды
22 қыркүйек, 2023 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ҚМДБ-ның бастамасымен жарыққа шыққан «Тәлімгер тағылымы» атты туындыны  оқып тәмамдаған қырыққа жуық оқырман марапатталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған іс шараға Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд Нұрұлы, және Астана қаласынан арнайы келген  «Раиса Ана» мешітінің имамы Қалижан Заңқоев, аймақтың жамағаты мен ақсақалдар қауымы құрметті қонақ болды.

Игі іс-шара Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының Құран оқуымен басталды. Одан кейін, жиналған қауымға насихат айтып, ілім ізденудің маңыздылығын тілге тиек етті.

Туындыны қазақ тіліне аударған Қалижан Заңқоев жиналған қауымға кітаптың мән-мазмұнын түсіндіріп, ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ, еңбекке қызығушылық танытқан оқырмандарға өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Еңбекте ілімнің пайдасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, білім алудың ерекшеліктері жайлы, сондай-ақ ілім үйренуге талапты шәкірттерге керекті өте құнды ақыл-кеңестер жинақталған.

Айта кетейік, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы оқырмандар арасында аталмыш туынды бойынша дәріс өткізіп, шәкірттер еңбекті толық оқып бітірген болатын. Осыған орай өткен марапаттау кешінде еңбектің авторы Қалижан Заңқоев әрбір оқырманға «Тәлімгер тағылымы» кітабын тарту етіп,  шараны ұйымдастырушы дін қызметкерлеріне ізгі тілегін жеткізді.

Кеш соңында мешіт асханасында берекелі дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.  Жиында бас қосқан  құрметті қонақтар Діни басқарманың игі бастамаларына алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары