Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Әйелдер жамағаты «Ихсан-әдеп негізі» атты рухани отырыста бас қосты
20 қыркүйек, 2023 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ихсан-әдеп негізі» атты  рухани отырыс өтті.

Рухани шара облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан тігілген қазақы киіз үйде өтіп, әйелдер жамағаты берекелі дастарханда бас қосты. Құран оқумен бастау алған шара барысында  сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Төленді Әйгерім Берікболқызы «Намаздағы хушуһ» тақырыбынла насихат айтып, әйел жамағатына намаз оқудағы ықыластың маңыздылығын түсіндірді.

Одан кейін, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы «Ихсан ілімінің дініміздегі орны» тақырыбында уағыз-насихат айтып, көркем-мінездің кемелдікке әсерін баяндады.

Ұстаздар «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Қызды қырық үйден тыйю» сынды түрлі дәстүрлі тыйым-нанымның мәні мен маңыздылығы жайында ақпараттарды беріп өтті. 

Отырыс соңында жамағат көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Атап айтқанда, отбасы құндылықтары, жар таңдау, ана болуға дайындық сынды түрлі сұрақтар қойылды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары