Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Natige» кәсіпорны «HALAL EXPO-2023» көрмесіне «Kurabie» өнімдерін қойды
15 қыркүйек, 2023 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесіне Қарағандылық «Natige» кәсіпорны «Kurabie» атты тәттілер коллекциясын ұсынды.

Айта кетек, Natige - Қарағанды облысындағы сүт өнімдерін шығаратын ірі компания. 20 жылдан астам уақыт бойы компания тек осы бағытта жұмыс істеді. Заманауи технологиядарда, сапа стандарттарына қатаң сәйкес етіп халықты сүт өнімдерімен қамтып отырды. 2020 жылы Natige тағы бір бағыт ашып, Kurabie брендімен – үгілмелі печенье өндіретін жеке серіктестік ашты.

Компания крекер мен печенье; ұн кондитерлік өнімдерін, торт, күлше, бөректер және ұзақ мерзім сақталатын печеньелер өндірумен айналысады. Фабриканың 1500 ш. м өндіріс алаңы бар. Күніне 20-дан 40 тоннаға дейін дайын өнім шығара алады.

ҚМДБ «Халал Даму» мамандарының толыққанды тексерісі нәтижесінде кәсіпорын «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары