Ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай аудандық орталық мешітіне арнайы ат басын бұрды. ⠀
Аудан имамы Асхат Қанайұлы облыс бас имамына құлшылық үйінің бүгінгі жай-күйін тыныстырды. Қызметтік сапар барысында аймақтық дін қызметкерлерінің жұмыс барысы қадағаланып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Облыс бас имамы аудандық мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан көңіл көншітер жаңалықтармен де танысты.⠀
Қазіргі уақытқа дейін мешіт жанынан дәретхана ғимараты бой көтеріп, құлшылық үйінің қабырғаларына жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар, ауласына тас төсеу жұмыстары жасалған.
Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Сондай-ақ, аудандық мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.⠀⠀
Облыс бас имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀⠀
Пікірлер