Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі 2000 баланы мектепке дайындады
28 тамыз, 2023 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан қайырымдылық бағытындағы іс-шараларының  бірі «Мектепке жол» акциясы Қарағанды облысында жоғары деңгейде жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен  аймаққа қарасты мешіттердің жұмыла бірігуімен және демеуші жандардың қолдауы арқасында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биылғы жылы облыс бойынша 2000 баланы қамтыды. 

Оларға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары және киім-кешек пен аяқ киімдер табыс етілді.

Облыстық «Әнет баба» мешітінде жүзеге асқан қайырымдылық акциясына «Ақжол» партиясының  Төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермек Төлеуұлы және «Оптимус» компаниясының өкілі қатысып, шараға демеушілік етті.

Қайырымдылық шарасы барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. 
«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында облыс бойынша екі мыңға жуық көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек берілді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз»- деп, Өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары