Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жұма намазын өткізді
25 тамыз, 2023 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты  Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀

«Сыйласаң, сиын көресің» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Сыйластық – қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет. «Адам сыйлағанның құлы» деген халқымыз өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынып, сұрағанын береді. 

Жалпы сыйластыққа, татулыққа жететін ештеңе жоқ. Халық арасында «Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы» деп сыйластықты сырбаздықтың сыны етіп қарастырған»,-деді. ⠀⠀

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары