Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде құран дәрістері тұрақты өтуде
07 тамыз, 2023 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Әнет баба» мешітінде жас жеткіншектерге арналған құран дәрістері жүйелі жалғасын табуда.

Жазғы демалыстарын қасиетті Алла үйінде білім алумен өткізген жеткіншектерге арнайы дәрісті  ұстаз Думан Қамариденұлы жүргізуде.  Әр түрлі жастағы шәкірттер бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлініп, тәжуид, құран пәндері бойынша сауат ашуда. 

Дәріс соңында шәкірттердің ілімге деген ынталарын ашу мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып,  оқушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілуде.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары