Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ашура күнінің ауызашары берілді
31 шілде, 2023 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Бала қажы»  мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен  қасиетті  ашура күніне орай ауыз бекіткен жамағатқа  ауызашар дастарханы жайылды.

 Рухани басқосуда мешіт имамы жиналған жамағатқа мұхаррам айындағы қаситетті Ашура күні жайында ғибратты уағыз-насихат айта келіп:

«Ашура» – «ашара», яғни, «он» деген сөзден шыққан. Мұса Пайғамбар (ғ.с.) бұл күні Алла Тағалаға шүкірлік, алғыс ретінде ораза ұстайтын болған. Ашура күні Мұхаммед Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған және сахабаларына да оны өсиет еткен» деп Ашура оразасы жайында мағлұмат берді.

Ауызашар соңында мешіт жамағатына мол жақсылықтар мен игіліктер тілеп, дұға жасады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары