Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Ислам және ізгі қоғам»: мешіт жамағаты бас қосты
24 шілде, 2023 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы  Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағат бас қосты. 

«Ізгі қоғам» бағыты және «Жастар ісі» секторының бірлесуімен жүзеге  асқан  рухани шара барысында облыстық мешіт жанындағы қазақы киіз үйде жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ас берілді. 

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан рухани отырыста  «Әнет баба»   мешітінің наиб  имамдары Қоныскерей Құмарұлы «Отбасы құндылықтары» мәселесі төңірегінде насихат айтса,  Асылхан Нұртайұлы «Бауырмалдық» жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, аталмыш мешіттің наиб имам Ақниет Салимбайұлы «Мешіт және жамағат» турасында ғибратты аңгімесімен бөлісті.  

Үрдіске айналған  бұл шарада елуге жуық мешіт жамағаты мен жастары бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары