Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас имам «Жасыл ел» жастарымен кездесті
22 шілде, 2023 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Ақтоғай ауданына жасаған қызметтік сапары барысында жергілікті «Жасыл Ел» еңбек жасағының жастарымен кездесті. 
«Жасыл ел» жасағы ауданның студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында  құрылған болатын.  
КЕздесу барысында  облыс бас имамы аймақтың көріктенуіне үлкен үлестерін қосқандары үшін жастарға алғыс айтып, «Отансүйгіштік, « Жастық шақтың қадірі», «Елге қызмет ету» тақырыптары аясында насихат айтты.
«Сіздер жалындаған жастық шақта көптеген игіліктерге қол жеткізе аласыздар. Жастық – Алланың берген сыйы. Сондықтан, ардақты пайғамбарымыз кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін білуге шақырған. Демек, жас адамның бағындырар белесі көп болмақ. Елге қызмет ету – адамдық ісі», – деп атап өтті Бас имам.

Қазіргі уақытта жастар «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында бола отырып,  ауданның көріктендіру-абаттандыру жұмыстарына қатысуда. Атап айтқанда, қаланың орталық көшелерін, қоғамдық орындарын қоқыстан арылтып, шөп-шалаңдарын шабуда. Сондай-ақ, талдардың ағаштарын бұтап, әлеуметтік нысандарды, гүлзарлар мен саябақтарды ретке келтіруде.
Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, жастар көкейтесті сауалдарына жауап алды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары