Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қазыбек би» мешітіне жаңа имам тағайындалды
30 маусым, 2023 жыл 352 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлтаев Ербол Мұқанұлы Қарағанды қалалық «Қазыбек би»  мешітінің  имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған  Ербол Мұқанұлының  қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді. 

Сондай-ақ, «Қазыбек би» мешітінде бұған дейін бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты. Айта кетейік, Ысқақ Рахимбекұлы білімін жетілдіру мақсатында Түркияның «Хасеки» академиясына оқуға аттанбақ. 

 

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

1976 жылы 21 ақпанда  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ортау елдімекенінде дүниеге келген.

Білімі:

1994-1996жж  Жанбыл облысы, Мерке ауданындағы екі жылдық медресе;

2004 ж Алматы қаласы, имамдардың білімін жетілдіру курсы;

2008 ж Пакистан ислам республикасының  «Дағуа» академиясы;

2016-2018 жж Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университеті, «Дінтану» мамандығы;

2018-2021 жж Алматы қаласы, шет тілдер университетінің «Дін және теология» мамандығын тәмамдаған.

 

Еңбек жолы:

1996-2005 жж  Қарағанды облысы, Нұра аудандық мешітінің имамы;

2005-2008 жж қазіргі Қарағанды қалалық  «Әл Машани» мешітінің наиб имамы;

2008-20015 жж Теміртау қаласының имамы;

2015-2021 жж Балқаш қаласының  имамы;

2021 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

Үйленген, 4 баласы бар.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары