ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде маусым айынан бастау алған «Имани жаз-2023» атты жазғы сауат ашу дәрісі толық аяқталды.
Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, балаларға «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтып, аталған курсты бітіргені туралы анықтама қағазын табыстады.
Айта кетейік, бір айға созылған сауат ашу курсында қала бойынша екі жүзге жуық мектеп оқушысы діни сауат ашты. Оқушыларға «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілді. Ал демалыс күндері балалармен бірге Қарағанды қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасалды. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізді.
Жабылу салтанатына арналған шара барысында балаларға тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылып, аниматорлармен көңілді ойын өткізілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер