Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жазғы дәріс шәкірттері «Асық ату» ойынынан бақ сынасты
08 маусым, 2023 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

   «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жазғы сауат ашу дәрісінің шәкірттері қазақтың ұлттық ойыны асық атудан  бақ сынасты.

Шара барысында «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жас жеткіншектерге қазақтың ұлттық ойындары жайында уағыз-насихат айтып, «Садақ ату», «Асық ату» сынды ойын түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар, шәкірттерге діни ілім беріп, дәріс жүргізіп жатқан «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жанайдаров Думан Қамариденұлы балаларға діни кітаптар тарту етіп, балмұздақтар мен тәттілер үлестірді.

«Шараның басты мақсаты балаларды білімге ынталандыру және ұлттық құндылықтарымызбен сусындату»,-  дейді бөлімнің жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары