Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қыз балаларға арналған сауат ашу дәрісі бастау алды
05 маусым, 2023 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызының жүргізуімен қыз балаларға арналған «Имани жаз-2023» атты жазғы  сауат ашу курсы басталды.

Арнайы дәріске елуден аса шәкірт тіркеліп, бүгін алғашқы дәріске қатысты.

Мешіт ұстазы алдымен шәкірттерге ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты. 

Сонымен бірге,  балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі.

Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар бойынша Құран әліппесі, Құран, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, әдеп, т.б. пәндер бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары