Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарқаралы ауданы тұрғындарына «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
24 мамыр, 2023 жыл 1157 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты бойынша түсіндіру жұмыстары болып өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың республикалық ІV форумында қабірлерді тұрғызудың және оны зиярат етудің халыққа ортақ әдебін қалыптастыру мақсатында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдаған болатын.

Аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттап, жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қарағанды облысы бойынша дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дархан Сәулеханұлы,Қарқаралы ауданына қарасты елді-мекендердің әкімдері мен имамдары, аймақтың құрметті ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындары қатысты.  

Жиында сөз бастаған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақ тұрғындарына аталмыш құжатты қабылдаудың негізгі мән – мақсатын жеткізіп, жерлеу мәселесі бойынша жиын қатысушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Бұл құжатты қабылдаудағы басты себеп –діни рәсімдердің шариғат талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістерге ұшырауы. Соңғы уақыттарда қабір басына құлпытас ретінде үлкен ескерткіштер мен зәулім қоршаулар орнатылуда. Мұндай келеңсіз жағдайлар ел арасында түсінбеушілік тудырып жатқаны белгілі. Бұл ретте шариғатымыз зираттарды сәндеуді, үлкен ескерткіштер орнатуды талап етпейтінін баса айтып кеткім келеді. 

Зират көтерудің негізгі мақсаты қайтыс болған марқұмның есімі мен жатқан жерін белгілеу екенін ұмытпаған абзал. 

Зират пен зиярат мәдениетінің баршаға ортақ үлгісін барлық аймақта қалыптастыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан халыққа діни-салттық қызмет көрсететін «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы  ашылған болатын. Мақсаты –елімізде зират көтеру, жерлеу, қабірді зиярат ету сынды діни рәсімдерді бір жүйеге келтіру, бұл мәселе бойынша халық арасында түсінбеушілік жағдайды болдырмау. Осы ретте дініміз бен дәстүріміздің барша жанашырларын осынау игі ісіміз бен ізгі бастамамызға қолдау білдіріп, үлес қосуға үндеймін. Бірлігімізді білдіріп, татулығымызды танытайық, ағайын!»,-деді облыс бас имамы өз сөзінде.

Өз кезегінде аймақ тұрғындары зират басын көтеру  мәселесі бойынша халық арасында орын алып жатқан түйіткілді мәселеге тұшымды жауап алып, қабылданған құжаттағы шариғат талаптарымен таныс болды.

Айта кетейік, Қарқаралы ауданынан «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына арнайы 5 гектар жер бөлінген болатын. Алдағы уақытта аймақта марқұмдарды  жерлеу рәсімін  шариғат талаптары бойынша жүзеге асыру қолған алынбақ.

Салттық қызмет көрсету орталығының алдағы бастамасы мен  қызметіне  аудан тұрғындары қолдау білдіріп, ҚМДБ-ның шешімін бір ауыздан мақұлдап отыр.

Айта кетейік, облыс бас имамы жерлеу рәсімдерін «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты бойынша жүзеге асыруды діни басқарма ешкімге міндеттеп жүктемейтінін, яғни, әр адам ерікті түрде орындай алатындығын тілге тиек етті.

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы тұрғындарының, зиялы қауым өкілдерімен және  құрметті ақсақалдарының қатысуымен  өткен бүгінгі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аймақтағы діни рәсімдер «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жобасы бойынша жүзеге асырылатын болды. Яғни, аймақ тұрғындары зират басын көтеру және жерлеу рәсімдерін бір ізділікпен жүзеге асыру жобасына қолдау білдіріп, дін мен дәстүр сабақтасқан игі бастамаға үн қосатындарын жеткізді.

Ауданнан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына бөлінген қорым қабірді қазып, марқұмды жерлеуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 

Қазіргі уақытта қорымға жерленетін марқұмдарға ортақ қоршау орнатылған. Сондай-ақ, әр зираттың басына марқұмның аты-жөні жазылған белгітас қойылып, зират биіктігі тізе тұсына дейін көтерілмек.   Діни рәсімді дәл осы шариғат талаптары бойынша жүзеге асыруды қолға алғалы жатқан орталыққа аймақ халқы қолдау білдіріп отыр. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары