Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас имам қадір түнімен құттықтап, уағыз айтты
18 сәуір, 2023 жыл 567 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Рамазан айының соңғы он күніне жасырынған қасиетті қадір түнінің құрметіне арналған рухани кеш басталып кетті. Қасиетті кеште облыс бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы мешітке жиналған дүйім жамағатты қасиетті қадір түнімен құттықтап,  берекелі кештің шарапаты жайында уағыз-насихат айтты.

Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште облыстық мешіт қадір түнін ерекше ыждаһаттылықпен қарсы алуға келген жамағатқа лық толы болды. 

Ауызашар дастарханынан бастау алған рухани кеш облыс бас имамының құттықтау сөзімен жалғасты. 

«Құрметті қауым! Баршаларыңызға қасиетті Қадір түнін мүбәрак, берекелі етсін! Жасаған ниет, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!  
Алла Тағала баршамыздың қате-кемшілігімізді кешіріп, өз мейіріміне бөлегей. Раббымыз Қадір кешінде шынайы иманмен жасаған дұғаларымызды, намаздарымызды, берген садақаларымызды, оқыған Құранымызды қабыл етіп, сауабын еселеп жазғай.
Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!», - дей келіп, «Қадір» сүресін қысқаша тәпсірлеп, жамағатқа мың айдан қайырлы түннің қадір-қасиетін айтып берді.
 
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары