Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыстық «Әнет баба» мешіті 1000 адамға ауызашар дастарханын жайды
06 сәуір, 2023 жыл 1112 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 1000 адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен рухани кеште Қарағанды өңірінің зиялы қауым өкілдері, түрлі сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері  мен жергілікті жамағаты бас қосты.

Мерекелік кеште бас имам дүйім жұртты Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айда сауапты амалдарды жасауға шақырды.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті айдың құрметіне орай ұйымдастырылған шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы құрметті қонақ болып, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар, жиналған қауымға әсерлі уағыз-насихат айтып, рухани кештің берекесін келтірді.

Өз кезегінде құттықтау сөз кезегін алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері  осындай берекелі кештің өтуіне мұрындық болған облыс бас имамы мен дін қызметкерлеріне алғыс білдіріп, діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жыры айтылды.

Сонымен қатар, кештің құрметті қонақтарына «Рамазан себеті» үлестірілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары