Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас имам «Ансар» мешітінде жұма намазын өткізді
17 наурыз, 2023 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

      Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты «Ансар» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.  

«Кісі ақысын жеу үлкен күнә» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Дініміз Ислам тыйым салған ауыр күнәлардың бірі – кісі ақысын жеу. Ғалымдарымыз бұл күнәны серік келтіруден кейінгі үлкен күнәға жатқызған.   
Халқымыз ұрпағына: «Ешкімнің ала жібін аттама» деп, өзгеге қиянат жасамауды, зиян бермеуді, ақысыз мал-дүниесіне қол салмауды кішкентайынан үйретіп, құлағына құйып өсірген»,-деді.    

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.      

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары