Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау қалалық мешітінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп келеді
21 ақпан, 2023 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау қаласына барған бақылау-басқару қызметтік сапары барысында Жақып Ақбай атындағы қалалық мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Реконструкция жұмыстары тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің бүгінгі жай-күйін көз елегінен өткізген облыс бас имамы Алланың үйін көркейтуге атсалысып жатқан арнайы мамандармен жолықты.

Қызметтік бақылау барысында Теміртау қаласының имамдары жұмыс процесін таныстырып, соңғы кездері жасалған істердің барысын баяндады. Бас имам мешіттің құрылыс сапасына, көлік тұрағына және жөндеу жұмыстарының жоспарланған мерзімде аяқталуына баса назар аудару қажеттігін қаперге салды.

Айта кетсек, Теміртау қалалық мешітінің күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылдың жаз айында қолға алынған болатын. Игі бастама бүгінде облыс бас имамының тікелей қадағалауымен қарқынды жалғасуда. Алдағы уақытта бірнеше кешеннен тұратын құлшылық үйі толықтай жөдеуден өтіп, жамағат игілігіне берілмек.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары