Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Егіндібұлақ ауылының жамағатымен жүздесті
17 ақпан, 2023 жыл 308 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы ауданына барған қызметтік сапары барысында Егіндібұлақ ауылының жамағатымен жүздесті.

Қасиетті жұмада Балқантау мешітіне жиналған жамағатқа уағыз-насихат жүргізген облыс бас имамы Ережеп айында мұсылманның атқаруы тиіс құлшылықтарын баяндап, ауыл жұртшылығымен сұхбат жүргізді.  

Сондай-ақ, мешіттегі тазалық пен қауіпсіздік мәселесі, жамағатқа жасалған жайлылық пен жұмыс барысын қадағалап, мешіт жағдайымен жақынырақ танысып қайтты.

Кездесу соңында Алла үйіне жиналған қауыммен бірге күллі мұсылман жұртшылығы үшін дұға жасалды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары