Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Егіндібұлақ ауылында рухани ағарту орталығы ашылды
13 ақпан, 2023 жыл 457 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында бой көтерген «Рухани ағарту орталығының» ашылу салтанатына қатысты.

Естеріңізге салар болсақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасында ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі әрі бірегейі «Дін мен дәстүр» екендігін айрықша атап көреткен болатын.

Осы бағыт аясында бой көтерген рухани орталық дін мен дәстүрдің, өнер мен шығармашылықтың жанданатын бастауы болмақ.

Сондай-ақ, арқа төріндегі тарихи шараға Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлы, дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және аймақ тұрғындары қатысты.

Орталықтың лентасын қиған облыс бас имамы: «Біздің дін мен дәстүріміз өзара сабақтасып жатыр. Осы игі құндылықтарымызды жан-жақты насихаттау мақсатында қазіргі таңда мешіттеріміздің аумағынан киіз үйлер тігіп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жан-жақты насихаттап келеміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да негізгі басымдық беретін жұмыс бағыттарының бірі – дін мен дәстүр. Сондықтан бүгінгі ашылып жатқан «Рухани ағарту орталығы» дініміз бен салт-дәстүрімізді халыққа кеңінен насихаттаудың төте жолы болмақ. Алла құтты, берекелі етсін!», - деп игі тілегін жеткізді.

Ашылу салтанатынан кейін, дүйім жұрт шараның құрметіне жайылған дастархан басында бас қосып, дәм татты. Игі шара соңында қасиетті Құран аяттары мен екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Мәуліт дұғасы оқылып, салауаттар жолданды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары