Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Мұхаммедқали Мұсаұлы туралы тарихи кітап жарыққа шықты
04 ақпан, 2023 жыл 321 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Ислам дінінің қазақ даласында өркендеуіне еңбегі сіңген бабалар есімін қайта жаңғырту қолға алынып жатқаны белгілі.

Осы игі бастама аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен Мұхаммедқали  Мұсаұлының өмір жолы туралы баяндайтын «Өнеге болған өмір» кітабы жарық көрді.

Рухани шараға мешіт имамдары мен жамағат, аймақтың зиялы қауым өкілдері және арнайы шақырылған басқа да қонақтар қатысты. Облыс бас имамы игі бастаманың маңызына тоқталып, еңбектің жас ұрпаққа берер пайдасы жайлы айтып өтті.  

Авторлық еңбек белгілі өлкетанушы Сәтек Сәттібайұлының қажырлы зерттеу жүргізуінің нәтижесінде жарыққа шығып отыр. Кітапта асыл дініміздің Карағанды облысы аумағында кеңінен дамуына еңбегі сіңген Бала қажы бабамыздын өмір тарихы мен еңбек жолы баяндалады. Тоғыз тараудан тұратын кітапта кейіпкердің жүріп өткен жолы кезең-кезеңімен баяндалып, ел есінде қалған естеліктер де қамтылған.

Еңбек алдағы уақытта Қарағанды облысына қарасты кітапханалар мен оқу орындарына, мәдени орталықтарға қойылып, өз оқырмандарымен қауышпақ. Айта кетсек, бұған дейін Серік Ілиясовтың «Нұрлы мешіт – Бала қажы» атты еңбегі жарық көрген болатын.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары