Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Аян.м» ЖШС сүт өңдеу зауыты сертификатталды
19 желтоқсан, 2022 жыл 204 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысында орналасқан «Аян.м» ЖШС сүт өңдеу зауыты ҚМДБ халал» сертификатын иеленді. Арнайы сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы табыстады.

Сүт өңдеу зауытына арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның Халал Даму ЖШС - ның технолог мамандары жүргізді. «Бақылау жұмыстары барысында кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, ішкі тазалығы тексерілді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. 

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорынның халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары