Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балкен ана мешітіне барды
15 желтоқсан, 2022 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының іргесіндегі мешіттердің тыныс-тіршілігін бақылап, өңірдің діни ахуалынан хабар алып жүрген Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бұл жолы Ростовка елдімекеніндегі Балкен ана мешітіне арнайы атбасын бұрды.

Облыс бас имамы бастаған дін қызметкерлерін жергілікті имам Саламат Анихарұлы қарсы алып, аймақтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар бабалар рухына арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды.

Бас имам Естай Айтуғанұлы құлшылық үйі мен оның жанындағы медресенің жай-күйін бақылап, сонда тәлім алып жатқан шәкірттермен де сұхбаттас болды. Сондай-ақ, діни рәсімдер өткізуге арналған мешіт жанындағы арнайы асханасын да шолып өтті.

Сапар соңында облыс имамы осы өңірде асыл дініміз үшін қызмет етіп жатқан Балкен ана мешітінің имамы Саламат Анихарұлына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

✏️ ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары