Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы мүмкіндігі шектеулі жандарды зиярат етті
03 желтоқсан, 2022 жыл 228 Басып шығару нұсқасы

   Бүгін халықаралық мүгедектер күніне орай Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі тағдырдың кермек дәмін татып келе жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарды зиярат етіп, құрмет көрсетті. 

Атап айтқанда «Мүгедектерді оңалту орталығы Логос-Қарағанды» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әлия Сүлейменова мен Үштөбе елдімекенінің тұрғынын арнайы құттықтай келді.

Тағдыр сынынан сүрінбей, Алланың сынағына сабырлық танытып шүкіршілік етуге, Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзбеуді насихаттаған облыс бас имамы екі жанға да мүгедек арбасын тарту етіп, азық-түлік толы қоржын мен жеміс-жидек себетін сыйлады. 

«Зекет және қайырымдылық» қорының өңір бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы науқас жандарға өзінің ыстық лебізін білдіріп, қор атынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай ақ, науқас жандардың дертіне Алла Тағаладан шипа сұрап, дұға жасады.  

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін елеп-ескерген Қарағанды өңірінің бас имамына және «Зекет және қайырымдылық» қорына шексіз алғыстарын білдіріп, жәрдемдері мен жанашырлықтары үшін ризашылығын жеткізді.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары