Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Құнанбай қажы мешітін зиярат етті (фото)
29 қараша, 2022 жыл 247 Басып шығару нұсқасы

   Қарқаралы ауданына  ресми іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы «Дархан дала» жобасы аясында жергілікті жердегі тарихы тереңде жатқан Құнанбай қажы мешітіне атбасын бұрып, жамағатымен жүздесті.

Мұсылмандардың өзара ауызбіршілігі мен бірлік-ынтымағы жайында уағыз-насихат жасаған облыс имамы Қарқаралы жұртшылығына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Сәті түскен берекелі басқосудың соңында жергілікті ақсақалдар жаңа қызметіне жуырда кіріскен облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының асыл дініміздің жолында жасап жатқан жұмыстарына береке тілеп, өздерінің ақ батасын берді. 

Одан соң облыс имамы Құнанбай қажы мешітінің жай-күйімен танысты. Аудан имамы Митератбек Құбылайханов құлшылық үйінің қал-ахуалымен жан-жақты таныстырып, өңірде орын алып жатқан игі бастамаларды баяндап өтті.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары