Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Осакаров ауданында Мәуліт дастарханы жайылды
28 қараша, 2022 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

   Осакаров аудандық мешітінің ұйымдастыруымен адамзаттың  асыл тәжі болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне рухани мәуліт кеші болып өтті. Айтулы шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, аудан әкімі Руслан Есенбекұлы және аудан имамы Жоламан Әбілханұлы бастаған ұжым мен жергілікті жамағат қатысты.

Мәуліт кеші Құран аяттарын оқумен ашылып, облыс бас имамы дүйім жамағатты исі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (с.ғ.с.)  пайғамбардың өнегелі өмір жолын,  Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері мен оның мүбәрак өмірін тілге тиек етті.

Игі шараның берекесін кіргізген ақсақалдар мен ақжаулықты апа-әжелеріміз, ғазиз ұстаз Пайғамбарымыз (с.а.у) жайлы сыр шертілген насихатпен сусындады. Жамағат арасында дәстүрге айналған сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Рухани кеш соңында Осакаров аудандық мешітінің имамы Жоламан Әбілханұлы барша қатысқан жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары