Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Осакаров ауданында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
27 қараша, 2022 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

   Осакаров ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы қайырымдылық шарасына қатысты. Аудан имамы Жоламан Әбілханұлы бастаған ұжымның атсалысуымен әлеуметтік жағдайы төмен отыз отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер салынған азық-түлік сөмкелері үлестірілді.

«Алла Тағала адам баласын таршылықпен де кеңшілікпен де сынайды. Ең бастысы, Жаратқан Иеміздің рақымынан үміт үзбеу. Ризық Алладан екенін еш уақытта естен шығармайық. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық беріп, береке мен ризық-несібе нәсіп етсін. Өсіріп отырған перзенттеріңіз иманды, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар болсын!», деп облыс бас имамы келушілерге жылы лебізін білдірды.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес өңір-өңірлерде имамдар тарапынан рухани һәм материалдық көмек мүмкіндігінше көрсетіліп келе жатқанын және бұдан кейін де аталмыш игі дәстүр жалғасын табатынан жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары