Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Хазірет Әли» мешітіне барды (фото)
11 қараша, 2022 жыл 639 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы өкілдікке қарасты діни ахуалдан хабар алып, мешіттердің бүгінгі тынысымен танысу мақсатында кезекті қызметтік бақылау-басқару жұмысын қала іргесіндегі «Хазрет Әли» мешітінде жалғастырды.

Ұжым жиынымен бастау алған қызметтік бақылау барысында имам, ұстаздардың жұмысы мен мешіт құжаттары қадағаланып, бірыңғай зерделеуден өткізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған он құжаттың бағыт-бағдарын  басшылыққа ала отырып, уағыз-насихат жұмыстарын одан әрі жандандыру мәселелері қаралды. 

Мешіт имамы Әлімжан Қазақбайұлы облыс бас имамына мешіттің бүгінгі жай-күйін баяндап, құлшылық үйінің ішкі және сыртқы жұмыстарымен таныстырды.

«Хазірет Әли» мешітінің жамағатымен жүздесіп, қызмет барысымен толықтай танысып шыққан облыс бас имамы дін қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары