Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Бұқар жырау ауданының әкімімен кездесті
10 қараша, 2022 жыл 317 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Бұқар жырау ауданына барған арнайы сапары барысында аудан әкімі Нұркен Сайфиддинұлымен жүздесті.  
 
Сондай-ақ, келелі кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей мен Нұржігіт Оразалыұлы, аудан имамы Рүстем Мұратұлы және әкімшіліктің бірқатар қызметкерлері қатысты. 
 
Аудан басшысы жуырда қызметке тағайындалған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Қызметтік отырыс барысында аудандағы діни ахуал жан-жақты сараланып, болашақта жүзеге асырылатын бірлескен жобалар төңірегінде сөз қозғалды. Жергілікті мекенде діни тұрақтылықты сақтау турасында өзара ұсыныс пен пікірлер айтылды. 
 
Сонымен қатар,  мешіттің қажетті құралдармен жабдықталуы туралы мәселелер қаралып, аудан басшысы әкімшілік тарапынан көмек қолын созатынын айтып өтті.  
 
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізген облыс бас имамы дінімізге деген жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғысын білдіріп, діни басқарманың «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын хадия етті. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары