Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)
09 қараша, 2022 жыл 497 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды қалалық  «Бала қажы» мешітінде сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт мерекесі  ұйымдастырылды.

Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын бүгін Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.    Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері бұл айтулы күні жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті. Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.

 Аталмыш іс — шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, аймақ  тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. Шара барысында  «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмұд Нұрұлы және қалалық мешіттен келген имамдар  Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін де көркем түрде жеткізді.

Кештің құрметті қонағы, ақын Дидар Қамиев домбыраның құлағында Алла елшісіне (с.а.с) арнау орындады.

Кеш барысында  мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды.

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары