Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Абай ауданының әкімімен кездесті
08 қараша, 2022 жыл 353 Басып шығару нұсқасы

    Абай ауданына ресми сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақтың әкімі Бауржан Қоңырбайұлымен жүздесті. Кездесуге «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей және Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы да қатысты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген облыс бас имамы ең алдымен жергілікті діни ахуалды басқосудың негізгі өзегі етті.

Шаһар басшысы жергілікті аудан, ауыл имамдарына қолдау білдіруге әзір екенін жеткізе отырып, қаладағы жастардың имандылыққа бет бұруы мен аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. Сол себепті ортақ жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Кездесу соңында аудан әкімі Қарағанды облысына жаңадан тағайындалған бас имам Естай Айтуғанұлының  қызметіне сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, хакім Абай туралы жазылған кітапты арнайы сыйға тартты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары