Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде 100 отбасыға көмек көрсетілді (фото)
06 қараша, 2022 жыл 698 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Әнет баба» облыстық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. 
Облыстық мешітте өткен қайырымдылық шарасы бұл жолы «Қайырымдылық – қайырлы іс» тақырыбы  аясында жүзеге асты.  Игі шара барысында  қаладағы әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көп балалы және  аз қамтылған  100 отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік толы қоржын үлестірілді.  
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы шараға қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеу беріп, қамкөңіл жандардың көңіліне үміт сыйлау мақсатында уағыз-насихат жасады. 
«Осындай қиын сәтте мұқтаждарға қол ұшын созуға әзір тұратын дін қызметкерлеріне, ат салысқан барлық кәсіпкерлерге, жамағат пен еріктілерге «Зекет және қайырымдылық» қоры атынан үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла сіздерден разы болсын!», - деді облыс бас имамы. 
Артынша арнайы дайындалған қайырымдылық қоржындары жиналған жұртшылыққа үлестіріліп берілді. 
«Зекет және қайырымдылық» қорының жанынан құрылған еріктілер тобы азық-түліктерді тиісті мекен-жайларға жеткізіп берді. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары