Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
04 қараша, 2022 жыл 211 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Діни оңалту» бөлімінің жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов  Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен «Жат ағымның алдын-алу» атты  кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға жат ағымның алдын алудың негізгі жолы пайдалы білім алуда жатқанын жеткізді. Сондай-ақ қазіргі таңдағы жас буын арасындағы татулықты нығайта түсу үшін дұрыс жол көрсету басты міндет екенін айтты.

Атап айтқанда, жастарға дін саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа заңнаманың маңыздылығын түсіндіру, терроризм және діни экстремизм көріністерінің зардабын ескерту және конфессияаралық келісімнің «қазақстандық нысанын» насихаттау, жастар арасында діни дүниетанымды қалыптастыру, дәстүрлі діннің құндылықтарын тарату, жастардың діни сауатын көтеру, олардың еркін пікірін тыңдау, адамзат қоғамының рухани құндылықтары туралы және оны құрметтеу, білу, ақпараттық жүйедегі қатерлі мәселелер туралы таныстыру, саралау, жастардың жанұя, отбасын сыйлау, оның маңызы туралы түсінігін арттыру, бейбіт өмір басты бақыт екенін сезінуіне жол ашу секілді маңызды мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды қолданарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Дін істер министрлігінің сараптамасынан өткен еңбектерін ғана пайдалану қажет екенін түсіндірді.

Кездесу соңында студенттердің көкейкесті сұрақтарына тұшымды, жан-жақты жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары