Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының Садовое ауылында жаңа мешіт ашылды
29 қазан, 2022 жыл 644 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовое ауылында көк күмбезді жаңа мешіт халыққа есігін айқара ашты. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, Осакаров ауданының әкімі Руслан Есенбекұлы және Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен Сайфиддинұлы мен ауылдың жергілікті тұғындары қатысты.

Облыс бас имамы аудан әкімімен бірге ғибадат үйінің лентасын қиып, жергілікті тұрғындарға өз құттықтауы мен жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, Жандар батыр есімі берілген мешіт ауылдың белсенді азаматтарының бірі Медеубай Сайлауұлының тікелей демеушілігімен небәрі 5 айдың ішінде бой көтеріп, қолданысқа беріліп отыр. Сыйымдылығы 300 адамдық мешіт жанында діни рәсімдерді өткізетін асхана мен құлшылық үйінде қызмет ететін имамға арналған үй бар. 

Бұрын құлшылығын орындау үшін ауылдан шалғай орналасқан мешітке баратын ауыл тұрғындары қыстың аязды күндерінде оған да мүмкіндік таппай қалатынын жасырмады. Сол себепті ауыл ішінде жаңа мешіттің ашылуы жергілікті жамағат үшін айтарлықтай зор қуаныш болып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары