Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Саранға барған сапарында қала әкімімен кездесті
24 қазан, 2022 жыл 231 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Әбдіғали басқару-бақылау бағыты бойынша Саран қаласына барған іс-сапарында жергілікті мешітті зиярат етіп, қала әкімі Ержан Темірхановпен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, алқалы жиынға өз ұжымын басқарып отырған мешіт имамы Мұхамедқали Саликов пен әкімшіліктің біршама қызметкерлері қатысты. 

Кездесу барысында Саран қаласының бүгінгі діни ахуалы жан-жақты сараланып, өзекті мәселелер талқыға салынды. Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы қала әкіміне құлшылық үйінің кем-кетігі мен заңға байланысты кезек күттіріп тұрған қажетті дүниелерді жүзеге асыруда қол ұшын беруді сұрады.

Шаһар басшысы Ержан Оралұлы да мешітке мүмкіндігінше демеушілік жасап, әкімшілік тарапынан көмек қолын созатынын жеткізді.

Кездесу соңында бабалар рухына Құран бағышталып, қала әкімі облыс бас имамына Саран қаласының өткені мен бүгінін баяндайтын арнайы энциклопедияны хадия етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары