Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы ұжыммен алғашқы жиналысын өткізді
11 қазан, 2022 жыл 777 Басып шығару нұсқасы

Жуырда ғана ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы қызметіне тағайындалған Әбдіғали Естай Айтуғанұлы мешіт ұжымымен алғашқы жиынын өткізді.  
 
Қарағанды облысының «Әнет баба» орталық мешітінде өткен басқосуға наиб имамдар мен ұстаздар және басқа да қызметкерлер қатысты.
 
Алқалы жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті бағыт бойынша қызмет атқару мәселелері сөз болды. Атап айтсақ, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие, ихсан ілімі, дін мен дәстүр және жат діни ағымдармен жұмыс.
 
«Бүгінгі күні әсіресе, өңірге қарасты шалғай мешіттермен тығыз байланыс орната отырып, ұжымдасқан түрде атқарылатын уағыз-насихат пен іс-шараларды жандандыру өте өзекті және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі»,- деді Естай Айтуғанұлы.
 
Сондай-ақ, облыс бас имамы өкілдік бойынша жылдың қорытынды есебіне дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары