ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен қасиетті мәуліт айының құрметіне орай әйел-қыздар жамағатына арналған рухани кездесу болып өтті.
Дөңгелек үстелде бас қосқан нәзік жандылар Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихы жайында уағыз-насихат тыңдап, Алла елшісінің бойындағы игі қасиеттері жайлы ақпаратпен сусындады. Сондай-ақ, көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер