Теміртау қаласында Құрбан айт мерекесіне орай қазақ күресінен сайыс өтті. Айтулы дода Теміртау мешіттері және Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығының ат салысуымен жүзеге асты.
Айта кетсек, спорттық бәсеке арнайы кәсіби бапкерлер тарапынан бақыланып отырды. Шын мықтылар өз нәтижесін көрсетіп, тиісті орындар иеленді.
Сайыста 120-ға жуық қатысушы өз бақтарын сынады. Жеңімпаздар әр салмақ дәрежесі бойынша (70 келі, 80 келі, абсолют - түйе палуандар) ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Атап айтсақ:
I орын: 100 000 ₸
II орын: 70 000 ₸
III орын: 50 000 ₸
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы сайысқа қолдау білдірген барша азаматтар мен қатысушыларға өз алғысын айтып, салауатты өмір салтын насихаттау ҚМДБ тарапынан кең тұрғыда жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
Пікірлер